Рухани ислам елдерінің басшыларын Ораза айтпен құттықтады
https://itolqyn.com/news/iran-i46885
ИИР Президенті ислам елдерінің басшыларына жеке-жеке жіберген жолдауында мұсылман үкіметтері мен халықтарын Ораза айтпен құттықтады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 24, 2020 14:56 Asia/Almaty
  • Рухани ислам елдерінің басшыларын Ораза айтпен құттықтады

ИИР Президенті ислам елдерінің басшыларына жеке-жеке жіберген жолдауында мұсылман үкіметтері мен халықтарын Ораза айтпен құттықтады.

ИИР Президенті Хасан Рухани сенбі күнгі жолдауларында: «Ораза айттың берекесі және ғалымдар мен мамандардың талпынысымен әлем халқы дағдарыстарды, бүгінгі адамзаттың қиындықтарын, әсіресе коронавирус пандемиясын  жеңіп, мұсылман халықтар мен дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі халықтар денсаулық, қауіпсіздік, бейбітшілік және тыныштықпен қамтамасыз етіледі»,- деген үміт білдірді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани да ислам елдерінің Парламент төрағаларын Ораза айтпен құттықтап: «Қазіргі әлемде ислам елдері парламенттерінің ислам әлемінің дағдарыстарымен, соның ішінде коронавирус дағдарысымен күресу саласындағы рөлі әсерлі болды»- деді.