Рухани: Дұшпандардың Иранда қиындық тудырудағы қастандығы сәтсіздікке ұшырады
https://itolqyn.com/news/iran-i46925-Рухани_Дұшпандардың_Иранда_қиындық_тудырудағы_қастандығы_сәтсіздікке_ұшырады
ИИР Президенті дұшпандардың Иранда қиындық тудырудағы қастдандығының ел халқының қолдауымен сәтсіздікке ұшырағанын қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 27, 2020 17:25 Asia/Almaty
  • Рухани: Дұшпандардың Иранда қиындық тудырудағы қастандығы сәтсіздікке ұшырады

ИИР Президенті дұшпандардың Иранда қиындық тудырудағы қастдандығының ел халқының қолдауымен сәтсіздікке ұшырағанын қуаттады.

Хасан Рухани сәрсенбі күні Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-ші шақырылымы жұмысын бастау рәсімінде дұшпандардың Иранға қарсы кейбір заңсыз әрекеттеріне, соның ішінде мұнайдан тыс тауарлар экспортына тыйым салуына тоқталып: «Иран халқы дұшпандардың психологиялық үгіт-насихаттары мен экономикалық қысымдарына қарсы тұрып, оларды жүйеге соққы беру және елдің түкпір-түкпірінде дағдарыс тудыру мақсаттарына жеткізбеді»,- деді. Рухани үкіметтің денсаулық сақтау, емдеу, әскери, ғылыми, электронды үкімет және ауылшаруашылық салаларындағы кейбір жетістіктерін атап өтіп: «Иран халқы мен үкіметі бірігіп, коронавирус пен АҚШ-тың экономикалық және медициналық терроризміне қарсы тұрып, маңызды табыстарға жетті»,- деп қуаттады.