АҚШ-тың барлау қызметтері ирандық ғалымдарды нысанаға алуда
АҚШ түрмесінен босатылған ирандық ғалым Сирус Аскари ирандық ұстаздардың тұтқындалуының жалғасуына тоқталып, АҚШ барлау қызметтерінің ирандық ұстаздарды нысанаға алуды күн тәртібіне қойғанын мәлімдеді.
Аскари сейсенбі күні Адам құқығы штабының хатшысы әрі Иран Жоғары сотының халықаралық істер жөніндегі орынбасары Әли Бақери Канимен кездесуінде адам құқығы ұйымдарының екіжүзділігін сынап: «Халықаралық салада зерттеушілер мен олардың құқыларын қорғау туралы уәж айтатын кейбір ұйымдар АҚШ-та ешбір дәлелсіз қамалған ирандық ұстаздарға қатысты үнсіздік танытып отыр. АҚШ FBI кеңсесі Gmail мен Yahoo арқылы жіберілетін бүкіл хаттарды ешбір рұқсатсыз тексереді»,- деді.
Иран Жоғары сотының халықаралық істер жөніндегі орынбасары Әли Бақери Кани Аскаридің тұтқындалуының Иранның ұлттық мүддесі мен университет қоғамына зиян келтіргеніне тоқталып, ирандық студенттер мен ұстаздардың құқықтарының қарастырылатынын қуаттады.