Рухани: Дұшпандардың Иранның экономикасын құлдырату қастығы нәтижеге жетпейді
Хасан Рухани жексенбі күні үкіметтің экономикалық штабының отырысында халық пен ел басшыларының мұнайға сүйенбейтін экономиканы құру арманының іске асырылғанына тоқталып: «Залым санкциялары мен коронавирус пандемиясынан туындаған қиындықтарға қарамастан Иран экономикасының өндіріс пен экспорт бөліміндегі негізгі көрсеткіштері жақсы алға ілгерлеуде»,- деді.
Рухани өткен үш жылда залым санкциялардың енгізілуі, мұнай экспортының тоқтауы мен Иранның валюталық активтерінің бетпе-бет келген қиындықтарына қарамастан валюта бағысының бақылауға алынғанына назар аудартып: «Өткен айларда коронавирус пандемиясына байланысты шекаралар жабылып, экспорт пен импортқа нұқсан келтірлді. Бірақ сауда айналымыеың коронавирусқа дейінгі жағдайға қайтып оралуымен алдағы айларда экспорт пен импорт нарығы табиғи қалпына келеді»,- деп мәлімдеді.