Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабаһар порты - оңтүстік және солтүстік транзиттік желілер үшін үлкен өзгеріс
ИИР Президенті Теһран мен шекаралас елдердің өзара іс-қимылын жоғары бағалады.
Хасан Рухани сәрсенбі күні үкімет отырысында Иранның сыртқы қатынастарға қатысты стратегиялық көзқарасқа ие болуына тоқталып: «Теһранмен қарым-қатынас орнатқысы келмейтін екі мемлекеттен басқа көршілес елдер мен Иранның арасында жақсы қарым-қатынас орнатылды»,- деді. Рухани сондай-ақ Чабаһар портының әлеуметтеріне тоқталып: «Чабаһар портының әлеуеті 2,5 миллион тоннадан 8,5 миллион тоннаға артты. Бұл әрекет оңтүстік және солтүстік транзиттік желілер үшін үлкен өзгеріс болып табылады»,- деп мәлімдеді. Иран Президенті оңтүстік-солтүстік темір жолын ұлттық әрі халықаралық жоба деп тауып: «Бұл темір жол Үнді мұхитындағы Чабаһардан басталып, Орта Азия мен Кавказ және Қытай мен Ресей және Еуропа аймақтарындағы темір жол желілеріне қосылады»,- деді.