Рухолла Зам саудиялықтардың Иранға қарсы жаңа желіні іске қосуды ұсынғанын мойындады
(last modified Sat, 11 Jul 2020 19:37:10 GMT )
Шіл 12, 2020 01:37 Asia/Almaty
  • Рухолла Зам саудиялықтардың Иранға қарсы жаңа желіні іске қосуды ұсынғанын мойындады

Amadnews веб-сайтының жетекшісі, саудиялықтардың Ислам ревоюциясына қарсы желілер құру әрекеттерін мойындап: «Саудиялықтар Иранға қарсы жаңа желіні іске қосу үшін 30 миллион доллар ұсынды»,- деді.

 

Сақшылар корпусының қауіпсіздік ұйымы 2019 жылдың 14 қазанында дұшпанның ақпарат құралдары мен ИИР-на қарсы психологиялық соғыстың белсенділерінің бірі Руһолла Зам құрықтады. Руһолла Зам жұма күні кешке Иран теледидарының екінші арнасына берген сұхбатында Сауд Арабиясның бұрынғы сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейрдің "Iran International" желісін құру үшін басқа адам арқылы онымен қатынас орнатқанын мәлімдеді.

Amadnews веб-сайтының жетекшісі Франция, АҚШ және басқа елдер тыңшылық қызметтерімен байланысты болғаны туралы: «Франция полициясы тарапынан қоңырау соғылып, олар  Иран жағдайын тәртіпсіздікке тіреу үшін ынтымақтастық жасағылары келетіндерін және қаржымен қамтамасыз етуді өз мойынына алатындарын айтты»,- деп жариялады.