Рухани: Иран мен Ирактың мақсаты – екіжақты сауда айналымды 20 миллиард долларға жеткізу
(last modified Wed, 22 Jul 2020 09:47:59 GMT )
Шіл 22, 2020 15:47 Asia/Almaty

ИИР Президенті сейсенбі күні Ирак Премьер-министрімен бірге өткізген баспасөз отырысында, Теһран мен Бағдадтың экономикалық ынтымақтастықты арттырып, екіжақты сауда айналым мөлшерін 20 миллиард долларға жеткізуді көздеп отырғандарын қуаттады.

Хасан Рухани Теһранның Иракты дәрі-дәрмек және медициналық қажеттіліктерімен қатамасыз ету мүмкіндікке ие екенін және бұл мүмкідіктерімен Ирак халқына қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Ирак Премьер-министрі Мұстафа әл-Каземи де Иранға сапар шегуінің ең маңызды мақсатын екіжақты қарым-қатынастарды нығайту деп атап: «Ирак пен Иранның қарым-қатынастары географиялық және шекаралас жағдайға ғана байланысты емес, олар тарихи, мәдени және діни қарым-қатынастардың белгісі»,- деді. Әл-Каземи Ирактың  еш уақытта өз жерінен ИИР-на қарсы қоқан-лоққы жасауға рұқсат етпейтінін қуаттап, Ирактың экономикалық дағдарыстан өту үшін Иранның қасында тұрғанын мәлімдеді.