Иран мен басқа елдер коронавирустың екінші толқынымен бетпе-бет келді
Иран Ислам Республикасының Президенті Рухани Иран мен басқа елдердің коронавирустың екінші толқынымен бетпе-бет келгенін, сол себепті денсаулық сақтау ережелерін сақтау керек екенін қуаттады.
Хасан Рухани коронавирусқа қарсы ұлттық штабтың бүгін жексенбі күнгі отырысында соңғы апталарда Иран мен әлемде коронавирустың төмендеуі мен өрши түсу құбылыстары байқалғанын айтып: «Шындық мынада: біз кемінде тағы алты ай немесе тағы бір жыл осы вирусқа шырмалуымыз мүмкін. Сол себепті дайындығымызды жалғастыра беруіміз керек», - деді.
Рухани денсаулық сақтау ережелерін ұстану керектігін қуаттап, коронавирусына қарсы дәрі-дәрмек пен вакцина өндірудегі іргелі ғылымға негізделген компаниялардың рөліне тоқталып, үкіметтің осы вирусқа қарсы дәрі-дәрмек пен вакцинал табу саласында талпыныс жасайтын компанияларға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.