Рухани: Иранның әскери-қорғаныс қуаты бүкіл аймақтың мүддесіне сай келеді
Там 12, 2020 18:52 Asia/Almaty
ИИР Президенті Теһранның қару-жарақтары мен әскери мүмкіндіктерін елді бөгделердің басқыншылығынан қорғау үшін қолданатынын айтып: «Иранның әскери-қорғаныс қуаты бүкіл аймақтың мүддесіне сай келеді»,-деді.
Хасан Рухани сәрсенбі күні үкімет отырысында көршілес елдерді АҚШ-тың теріс пайдалануынан сақ болуға шақырып: «Аймақ елдері осы жердің табиғи байлығын талан-таражға салып, оның есесіне кейбіреулерге қару-жарақ сатып, көршісін бомбалататындарға қырағы болуы тиіс»,-деді.
Рухани кейбір көршілес елдерге қаратып: «Иран аймақ тұрақтылығы үшін табандылық танытпағанда, бүгінде елдің оңтүстігіндегі кейбір көршілес елдер жойылған болар еді»,-деп еске салды.
Тегтер