Рухани: АҚШ ядролық келісімнен шығу арқылы бірнеше елмен ұжымдық келісімге келу принципін бұзды
(last modified Mon, 17 Aug 2020 13:35:37 GMT )
Там 17, 2020 19:35 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ ядролық келісімнен шығу арқылы бірнеше елмен ұжымдық келісімге келу принципін бұзды

Иран Президенті: «АҚШ-тың қазіргі басшысы Иран халқына қарсы ең ауыр қылмыстар жасады»,-деді.

Хасан Рухани жексенбі күні үкімет жиналысында Сыртқы істер министрінің баяндамасын тыңдап, АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту туралы қарарын бекітуде масқара жеңіліске ұшырағанын естігеннен кейін: «АҚШ Президенті Дональд Трамп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, заңсыз санкцияларды қайта салу арқылы тек Иран халқының құқықтарына қол сұғып қойған жоқ,  бірнеше елмен ұжымдық келісімге келу принципін де бұзды»,-деді.

Рухани АҚШ режимінің кейбір қылмыстарына тоқталып: «АҚШ үкіметі  асқан бетпақтықпен сардар Қасым Солейманиге террор жасап, жауапкершілігін өз мойнына алды»,-деді.