Зангане: Иран мұнай өнімдерінің экспорты 4 есе өсті
Там 20, 2020 16:34 Asia/Almaty
Иран Мұнай министрі 2013 жылы елге бензин мен газойл импортталғанына тоқталып: «Қазір Иранның мұнай өнімдерінің экспорты 4 есе өсті »,-деді.
Бижан Зангане сәрсенбі күні Иранның 2-ші арнасына берген сұхбатында: «2013 жылы Иранның мұнай өнімдерінің экспорты шамамен 5 млн тонна болды. Бұл көрсеткіш өткен жылы 23 млн тоннадан асты»,-деді.
Зангане Оңтүстік Парс кенішін Иранның теңізде орналасқан ең ірі кеніші деп атап: «Иран 2013 жылы бұл кеніштен күніне шамамен 280 млн текше метр газ өндіретін. Қазір бұл көрсеткіш 2,5 есе артып, 700 млн текше метрге жетті»,-деді.
Оңтүстік Парс кеніші – әлемдегі ең ірі газ кеніштерінің бірі. Ол Парсы шығанағында Иран мен Катарға ортақ аумақта орналасқан.
Тегтер