Зангане: Иран мұнай өнімдерінің экспорты 4 есе өсті
https://itolqyn.com/news/iran-i47975-Зангане_Иран_мұнай_өнімдерінің_экспорты_4_есе_өсті
Иран Мұнай министрі 2013 жылы елге бензин мен газойл импортталғанына тоқталып: «Қазір Иранның мұнай өнімдерінің экспорты 4 есе өсті »,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 20, 2020 16:34 Asia/Almaty
  • Зангане: Иран мұнай өнімдерінің экспорты 4 есе өсті

Иран Мұнай министрі 2013 жылы елге бензин мен газойл импортталғанына тоқталып: «Қазір Иранның мұнай өнімдерінің экспорты 4 есе өсті »,-деді.

Бижан Зангане сәрсенбі күні  Иранның 2-ші арнасына берген сұхбатында: «2013 жылы Иранның мұнай өнімдерінің экспорты шамамен 5 млн тонна болды. Бұл көрсеткіш өткен жылы 23 млн тоннадан асты»,-деді.

Зангане Оңтүстік Парс кенішін Иранның теңізде орналасқан ең ірі кеніші деп атап: «Иран 2013 жылы бұл кеніштен күніне шамамен 280 млн текше метр газ өндіретін. Қазір бұл көрсеткіш 2,5 есе артып, 700 млн текше метрге жетті»,-деді.

Оңтүстік Парс кеніші – әлемдегі ең ірі газ кеніштерінің бірі. Ол Парсы шығанағында Иран мен Катарға ортақ аумақта орналасқан.