Рухани "Дәрігерлер" күніне орай құттықтау жолдады
Иран Ислам Республикасының Президенті Рухани ел дәрігерлерін "Дәрігерлер" күнімен құттықтап: «Медициналық жауапкершілікті мойындау – альтруизмнің айқын көрінісі және батыл өмір сүру салты», - деді.
Бүгін Иран күнтізбесі бойынша шаһривар айының бірі хәкім Әбу Әли ибн Синаның туған күні мен оның медицина ғылымына сіңірген еңбегі мен ғылыми туындыларына орай және барлық дәрігерлерге деген құрметке байланысты "Дәрігер" күні деп аталған.
Хасан Рухани осы күнге арнаған құттықтауында: «Биылғы "Дәрігерлер" күні – Иранның қымбатты халқының өмірі мен денсаулығын жанкештілікпен қорғаған батырларды құрметтеу үшін мүмкіндік. Олар өздерінің бауырларын құтқару үшін жандарын аямай, алаңның ортасында батыл тұрды", - деді.
Рухани дәрігерлердің жауапкершілігін, жанкештіліктері мен батылдықтарын мадақтап, Иранның еңсесі биік денсаулық сақтау жүйесінің барлық басшыларына алғыс айтып, халықтың тарихи жадында бұл жанкештіліктердің отан қорғау жолында күрескен ерлікпен тең сақталатынын баса айтты.