Иранда 164 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болды
(last modified Sun, 23 Aug 2020 10:22:59 GMT )
Там 23, 2020 16:22 Asia/Almaty
  • Иранда 164 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болды

Иранның Денсаулық сақтау министрі соңғы статистика бойынша елде 164 медицина қызметкерінің көз жұмғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Саид Намаки сенбі күні Иранның ақ халаттылар қауымының коронавируспен күресіп жатқанына тоқталып: «Бүгінге дейін медицина қызметкерлері арасында көз жұмғандар саны 164 адамға жетті»,-деді.

Намаки коронавирусқа қарсы вакцинамен қамтамасыз ету саласындағы соңғы шараларға тоқталып: «Иранда әртүрлі топтар вакцина дайындау саласында жұмыс істеп жатыр. Көбісі бастапқы сынақ кезеңінен өтті»,-деді.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы статистикасы бойынша,  елде 356792  адам коронавирусқа шалдыққан, соның ішінде 307702 адам жазылып шықса, 20502 адам көз жұмды.      

Тегтер