Рухани: АҚХА-нің кәсіби орны нығаюы керек
ИИР Президенті АҚХА-нің тәуелсіздік, бейтараптық және кәсібилікті сақтауын аса маңызды деп атап: «Қоғамдық пікірде АҚХА-нің кәсіби орны одан ары нығая түсуі керек»,-деді.
Хасан Рухани сәрсенбі күні Теһранда АҚХА-нің бас директоры Рафаэль Гроссимен кездесуінде: «Агенттік Иранның өз еркімен атқарып жатқан қосымша протоколдарын сақтап, кепілдік беру саласында мамандандырылған техникалық міндеттерімен қоса, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен осы көпжақты құжатты сақтап қалуда да маңызды жауапкершілікке ие»,-деді.
Рухани Гроссидің осы сапары барысында Иранның екі белгілі нысанына кіруге рұқсат бергеніне тоқталып: «Иранның қас дұшпандары бар. Олар үнемі Теһранға қиындық тудыруды көздейді. Оларда ядролық қару да бар, бірақ агенттікпен әріптеспейді»,-деп еске салды.
Гросси агенттіктің кәсіби-техникалық амалдарына тоқталып: «Сыртқы факторлардың Иран мен АҚХА-нің әріптестігіне ықпал етуіне жол бермеуіміз керек»,-деді.