Ислам революциясы жетекшісі: БАӘ ислам әлемі мен Палестинаға қиянат жасады
Ислам революциясы жетекшісі Біріккен Араб Әмірлігінің сионистік режим арасындағы қатынастарын қалыпқа келтіруін ислам әлеміне, араб халықтары мен аймақ елдеріне сондай-ақ Палестинаға сатқындық жасау деп тапты.
Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні Иранның білім және тәрбие саласындағы басшыларының 34-ші жыл сайынғы отырысына видео форматта қатысып, БАӘ мен сионистік режимнің қатынастырн қалыпты етулеріне тоқталып: «БАӘ-нің сатқындығы ұзаққа созылмайды, бірақ бұл Палестина халқының елін заңсыз басып алып, палестиналықтарды ұмытып, сионистердің аймаққа енулеріне жол ашуы қорлық таңбасы қалады. Ислам революциясы жетекшісі БАӘ үкіметінің ислам әлемі мен аймақ мүдделеріне қарсы сионистік режиммен ынтымақтастық етуіне өкінішін білдіріп: «Әмірліктер жылдам оянып, істеген істерінің орының толтырады»,- деп үміттенді. Аятолла Хаменеи сөзінің басқа бөлімінде батыстықтардың өз өмір сүру тәсілдерін енгізу үшін басқа елдердің білім және тәрбие жүйесіне араласуы, 2030 жылдың құжаты немесе аймақтың кейбір мемлекеттерінің білім саласына араласуына тоқталып: «Бүгін Батыстың қоғамдық философиясы сәтсіздікке ұшырады және бұзақылық Голливудтан Пентагонға дейін анық байқалуда»,- деді.