Рухани Иранның еркін және арнайы экономикалық аймақтарында 58 ұлттық жобаның тұсауын кесті
(last modified Thu, 10 Sep 2020 10:45:02 GMT )
Қыр 10, 2020 16:45 Asia/Almaty
  • Рухани Иранның еркін және арнайы экономикалық аймақтарында 58 ұлттық жобаның тұсауын кесті

ИИР Президенті Хасан Рухани елдің еркін және арнайы сауда-экономикалық және өнеркәсіп аймақтарында 58 ұлттық жобаның тұсауын кесті.

Бейсенбі күні Иранның еркін және арнайы экономикалық аймақтарында іске қосылған жобалар 4400-ден аса адамды жұмыспен қамтамасыз етті.

Тұрмыс заттарын жасау зауыты, электронды тауарлар жасау шеберханасы мен жылыжайлар  Арас, Киш пен Қешм еркін аймақтары мен Пайям, Сарахс, Шираз, Каве, Йезд арнайы экономикалық аймақтарында іске қосылды.