Рухани: Иранға қарсы қару-жарақ санкцияларының аяқталуы - ақыл мен шындық қисынының озбырлықты жеңуі
(last modified Wed, 21 Oct 2020 12:49:04 GMT )
Қаз 21, 2020 18:49 Asia/Almaty

ИИР президенті қару-жарақ санкцияларының аяқталуын ақыл мен шындық қисынының озбырлықты жеңуі деп атады.

 

Рухани үкімет отырысында Иранға қарсы қару-жарақ санкциясының аяқталуына тоқталып: «Америкалықтар жылдар бойы Иран халқын өз құқыларынан мақрұм етуге талпынды, бірақ сәтсіздікке ұшырап, өз мақсаттарына жете алмады»,- деді. Иран президенті америкалықтардың Иранға қарсы жолын толық қате деп тауып: «АҚШ сайлауында кімнің және қай партияның жеңіске жететіні Иран үшін маңызды емес. Өйткені билік басына кім келседе Иран халқына бағынуға мәжбүр болады, одан басқа амалы жоқ»,- деп қуаттады.