Қалибаф Измирдегі жер сілкіністен кейін Түркия Мәжілісі мен халқына көңіл айтты
https://itolqyn.com/news/iran-i48799-Қалибаф_Измирдегі_жер_сілкіністен_кейін_Түркия_Мәжілісі_мен_халқына_көңіл_айтты
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы өз жеделхатында Измирдегі жер сілкіністің салдарынан бірқатар адамның қаза болуына байланысты Түркия Ұлттық мәжілісі төрағасына көңіл айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 31, 2020 15:19 Asia/Almaty

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы өз жеделхатында Измирдегі жер сілкіністің салдарынан бірқатар адамның қаза болуына байланысты Түркия Ұлттық мәжілісі төрағасына көңіл айтты.

 

Қалибаф сенбі күні Түркия Ұлттық мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентопқа жолдаған жеделхатында Иранның Измирдегі жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен халқына кез келген көмек көрсетуге дайын екенін жариялады.  

Бұдан бұрын Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Денсаулық сақтау министрі Саид Намаки түрік әріптестеріне жолдаған жеке жеделхаттарында Түрки үкіметі мен халқына көңіл айтты.

Түркияның Измиріндегі 6,6 балдық жер сілкінісі  салдарынан осы кезге дейін 26 адам қаза болды және жүздеген адам зардап шекті.