Зарифтың Пәкістан сапары
(last modified Tue, 10 Nov 2020 18:49:40 GMT )
Қар 11, 2020 00:49 Asia/Almaty
  • Зарифтың Пәкістан сапары

Шекаралас елдермен саяси және экономикалық қатынастарды дамыту – ИИР-ның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі.

 

Иранның Пәкістанмен қатынастары қауіпсіздік, экономика, мәдениет және ортақ діни құндылықтар сынды үш факторға байланысты екі есе маңызды. Иран мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастық екі себепке байланысты стратегиялық маңызға ие. Біріншіден, аймақтың геосаяси жағдайы және екі жақтың әлеуеттері     екіжақты және көпжақты ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер тудырды. ИИР 15 елмен шекаралас, олардың ішінен  Пәкістанды қосқанда төрт елмен құрлық  және теңіз шекараға ие. Екі елдің шекарасында қауіпсіздікті сақтау маңыздылығы аймақтағы қоқан-лоққылармен бірлесіп күресуді қажет етеді. Иран-Пәкістан шекарасына бірнеше рет террористік топтар мен қарулы бұзақылар шабуыл жасап, бірқатар ирандық шекарашы шәһид болды. Бұл зұлымдықтар Иран-Пәкістан қатынастары мен аймақтық қауіпсіздікке әсер етті. Иран шетелдіктердің қатысуынсыз, көрші елдердің ынтымақтастығымен аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болады деп сенеді. Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи осыдан шамамен бір жылбұрын Пәкістан Премьер-министрі Имран Ханмен Теһрандағы кездесуінде: «ИИР Пәкістанды бауырлас ел ретінде қарайды. Сондықтан қолда бар мұрсаттар екі елдің қарым-қатынастарын одан сайын жақсартуы керек және шекара қауіпсіздігі артып, газ құбыры құрылысы сынды жобалар іске асырылуы керек»,- деді. Бұл тұрғыдан Иран Сыртқы істер министрінің Пәкістан сапары тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту және аймақ мүмкіндіктерін қоқан-лоққылармен күресу үшін стратегиялық маңызғы ие. Өткенге шолу жасайтын болсақ, АҚШ-тың аймақтағы сепаратистік жоспарларды жүзеге асырып, «әл-Каида» сияқты террористік топтар құруы және ДАИШ пен басқа террористік топтарға қолдау көрсету арқылы аймақ қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, аймақтағы елдерге өз билігін жүргізуге талпынды. Қорыта айтқанда, Зарифтың Исламабад сапарының мақсаттары Теһран-Исламабадтың ортақ ұстанымын көрсету және экономика мен қауіпсіздік деген екі факторды пайдаланып, аймақтағы ынтымақтастықты одан сайын нығайту болды.