Иран армиясы: Басидж – дұшпандардың қастандықтарын залалсыздандыруға тиімді ерікті жасақ
(last modified 2020-11-22T14:05:24+00:00 )
Қар 22, 2020 20:05 Asia/Almaty
  • Иран армиясы: Басидж – дұшпандардың қастандықтарын залалсыздандыруға тиімді ерікті жасақ

Басидж апталығының басталуымен бір мезгілде ИИР армиясы мәлімдеме жасап, басиджді дұшпандардың Иран халқына қарсы қастандықтарын залалсыздандыруға тиімді құрылымдардың бірі деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР армиясы жексенбі күні Басидж апталығына орай жасаған мәлімдемесінде ерікті жасақты мерекемен құттықтап: «1358 жылы 5 азарда (26.11.1979) ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейни (р) ислам жүйесіне қарсылардың қоқан-лоққылары мен жауластықтарын қырағылықпен болжай біліп, олармен күресу үшін «басидж-ерікті жасақ пен 20 млн-дық армия» құруға бұйрық берген. Жетекшінің осы шешіміне сәйкес, басидж Иран Ислам революциясының берік те тиімді құрылымдарының біріне айналды»,-деді. 

Тегтер