Рухани: Иран аймақ пен әлемнің қажеттіліктерін арзанырақ қамтамасыз ете алады
https://itolqyn.com/news/iran-i49094-Рухани_Иран_аймақ_пен_әлемнің_қажеттіліктерін_арзанырақ_қамтамасыз_ете_алады
ИИР Президенті: «Иран аймақтың және тіпті әлемнің энергетикалық қажеттіліктерін арзанырақ әрі оңайырақ қамтамасыз ете алады»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 26, 2020 18:03 Asia/Almaty

ИИР Президенті: «Иран аймақтың және тіпті әлемнің энергетикалық қажеттіліктерін арзанырақ әрі оңайырақ қамтамасыз ете алады»,-деді.

Хасан Рухани бейсенбі күні Мұнай министрлігінің ұлттық жобаларын бейнеконференция форматында іске қосу рәсімінде: «Иран экономикасы ірі де мықты экономика екенін көрсетті. Аймақта 3 жыл ұдайы соғыс жағдайында табандылық танытып, жеңіп шыққан ешбір ел жоқ»,-деді.

Рухани бай мәдениетке ие Иран халқының әрдайым үлкен істер атқаратынын айтып: «Иран – географиялық және геосаяси жағдайы тұрғысынан маңызды ел. Әлемдегі ешбір алпауыт Иранды аймақтан да, әлемнен де оқшаулай алмайды»,-деді.