Рухани Иранда электр қуаты саласына қатысты ондаған жобаны іске қосты
https://itolqyn.com/news/iran-i49172-Рухани_Иранда_электр_қуаты_саласына_қатысты_ондаған_жобаны_іске_қосты
Иран Энергетика министрлігінің ондаған ұлттық жобасы ел басшысының қатысуымен іске қосылды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 03, 2020 16:43 Asia/Almaty
  • Рухани Иранда электр қуаты саласына қатысты ондаған жобаны іске қосты

Иран Энергетика министрлігінің ондаған ұлттық жобасы ел басшысының қатысуымен іске қосылды.

Бүгін, бейсенбі күні Иран Энергетика министрлігінің 25 ұлттық жобасы Хасан Руханидің бейнеконференция арқылы қатысуымен Хузистан, Хорасан-е Разави, Систан мен Белучистан облыстарында ашылып, іске қосылды.  

Бұл жобалар әсіресе жаз кезінде тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету, өнеркәсіп саласында вольтаждың түсуін жою және көршілес елдерге электр қуаты экспортын арттыруға қажетті инфрақұрылымды дамыту мақсатында жүзеге асырылды.