Рухани: АҚШ-тың жаңа үкіметі өткен кезеңнің қателіктерінің орының толтыруы керек
ИИР Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тараптарының өз міндеттемелерін орындау қажеттілігіне тоқталып: «АҚШ-тың жаңа үкіметі өткен кезеңнің қателіктерінің орының толтырып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы бүкіл міндеттемелеріне қайтуы керек»,- деді.
Хасан Рухани үкімет отырысында еуропалықтарын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне тұрақты болмағандарын еске салып: «Натанзда жаңа центрифугаларды орнату Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқарту туралы бұрынғы шешімінде жарияланған, сондықтан ол жаңа мәселе емес»,- деп мәлімдеді. Иран Президенті сондай-ақ Хаф-Герат темір жолының іске қосылуына тоқталып, бұл темір жолдың ертең, бейсенбі күні жол ортасындағы Рузнак аялдамасында Иран және Ауғанстан президенттерімен ашылатынын хабарлады.