Иран мен Ауғанстан басшыларының қатысуымен Хаф-Герат теміржол желісі іске қосылды
Ұзындығы 140 км Хаф-Герат теміржол желісі Иран мен Ауғанстан басшыларының бейнеконференция арқылы қатысуымен іске қосылды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хасан Рухани бейсенбі күні Хаф-Герат теміржол желісін ресми ашу рәсімінде Ауғанстан Президенті мен халқына: «Бүгін – Иран мен Ауғанстан халықтары үшін жол ашу күні. Бір тамыр, бір тарих, бір мәдениет, бір аймаққа тиесілі екі халық көршілестік пен бауырластық тарихында бір-біріне жақсы серік бола білді»,-деді.
Мұхаммед Ашраф Ғани де Хаф-Герат теміржол желісін ашу рәсімінде осы жобаны екі ел үшін аса маңызды тарихи оқиға деп атап: «Бұл бағыттың ашылуы – экономикалық жағдайды жақсарту мақсатында екі елдің аймақтық байланыс саласында тынбай әрекет етуінің нәтижесі»,-деді.