Хатибзаде: Еуропа Иранның ядролық келісімдегі міндеттемелері жайлы сөз қозғайтындай жағдайда емес
https://itolqyn.com/news/iran-i49388
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Еуропа Иранның ядролық келісімдегі міндеттемелері жайлы сөз қозғайтындай жағдайда емес»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 20, 2020 21:45 Asia/Almaty

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Еуропа Иранның ядролық келісімдегі міндеттемелері жайлы сөз қозғайтындай жағдайда емес»,-деді.

Саид Хатибзаде сенбі күні Iran Press ақпарат агентігіне берген сұхбатында Франция СІМ ақпарат хатшысының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерді бұзудың салдарлары ауыр болатыны және Иранның тез арада қайта келісім аясына оралуы тиістігі туралы сөздеріне реакциясында: «АҚШ ядролық келісімнен шыққаннан кейін Еуропа елдері Иранға қарсы санкцияларды жою саласында өз міндеттемелерінің көбін орындай алмады»,-деп баса айтты.