Рухани: Үкімет санкцияларды біртіндеп бейтараптандыруға талпынуда
Жел 26, 2020 19:45 Asia/Almaty
ИИР Президенті үкіметтің санкцияларды біртіндеп бейтараптандыруға талпынуын мәлімдеді.
Хасан Рухани сенбі күні коронавируспен күресу ұлттық штабының отырысында америкалықтардың коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алуға кедерге тудыруына тоқталып: «АҚШ коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алуға кедерге тудырды және Иранға қарсы ақпарат құралдар күн сайын сылтау іздеп, үгітін жүргізуде»,- деді. Иран Президенті сондай-ақ: «Қай жерде вакцинаға сенім артылса және Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны сенімді деп жарияласа, үкімет оны міндетті түрде сатып алады»,- деп мәлімдеді.
Тегтер