Амир Абдулахиан: Шәһид Солеймани үшін кек қайтару Иранның күн тәртібінде тұр
(last modified Sun, 27 Dec 2020 13:17:06 GMT )
Жел 27, 2020 19:17 Asia/Almaty
  • Амир Абдулахиан: Шәһид Солеймани үшін кек қайтару Иранның күн тәртібінде тұр

Шәһид Солейманиді еске алу штабының ақпарат өкілі сардар Қасым Солейманиге қастандық жасауға бұйрық берген және оны орындағандарды сотпен қудалаудың жалғасып жатқанын айтып: «Шәһид Солеймани үшін кек қайтару Иранның күн тәртібінде тұр»,-деді.

Хусейн Амир Абдулахиан жексенбі күні баспасөз конференциясында сардар Солейманиге қастандық жасады деп айыпталғандардың саны 45-48 адамнан асып жығылатынын айтып: «Қатаң кек алу мәселесі ИИР-ның күн тәртібінде тұр. Бұл дер кезінде тиісті тәсілмен орындалатын болады»,-деді.