Ақп 19, 2021 15:47 Asia/Almaty
  • Рухани: Еуроодақ АҚШ-тың біржақтылығына қарсы тұруда тиісті рөл атқаруы керек

Иран Президенті Еуропа Кеңесінің жалпы саяси бағдарларды анықтаудағы рөлінің маңыздылығына тоқталып: «Еуроодақ жаһандық аренадағы басты ойыншы ретінде АҚШ-тың біржақтылығына қарсы тұруда тиісті рөл атқаруы керек»,- деді.

 

Рухани Еуропалық Кеңестің төрағасы  Шарль Мишельмен  телефон арқылы сөйлесіп, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын , көпжақты дипломатия үшін маңызды жетістік ретінде  атап және бұл үлкен жетістіктің оңай жойылуына жол бермеу керектігін қуаттап: «Еуроодақтың сыртқы саясат бөлімінің бастығы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламаның үйлестірушісі ретінде   маңызды рөл атқара алады»,- деді.

Рухани халықаралық сахнадағы соңғы өзгерістер мен елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа шаралардың пайда болғанына тоқталып: «Иран мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынас деңгейін бастапқы қалпына қайтаруға талпынуымыз керек»,- деп мәлімдеді.

Еуропалық Кеңестің төрағасы  Шарль Мишель де «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан АҚШ шыққанынан кейін Еуропаның келісімді қолдағанына тоқталып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын халықаралық келісім ретінде сақтау және барлық тараптардың оны толықтай орындау қажеттілігін қуаттады.  

 

Тегтер