Қалибаф: Санкциялар халықтың бірлігімен бұзылады
(last modified Wed, 24 Feb 2021 10:05:04 GMT )
Ақп 24, 2021 16:05 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Санкциялар халықтың бірлігімен бұзылады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы атом өнеркәсібі санкцияларды алып тастайтын мәмілеге айналғанына тоқталып: «Санкциялар Иран халқының бірлігімен бұзылады»,- деп қуаттады.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Қалибаф әлеуметтік желідегі парақшасында, Хаттамалық қадағалаудың қысқартылуыменен санкциялардың күшін жою жөніндегі «Стратегиялық іс-қимыл туралы заңның» соңғы қадамының жүзеге асырылғанын хабарлап: «Осы кезеңде атом өнеркәсібі өзінің тамаша күндеріне оралып, санкцияларды алып тастау мәмілеге айналатынына көпшілік  сенбейтін еді. Санкциялар да Иран халқының бірлігімен бұзылады»,- деп жазды.