«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы қайтадан талқыға салынбайды
(last modified Wed, 03 Mar 2021 14:24:28 GMT )
Нау 03, 2021 20:24 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы қайтадан талқыға салынбайды

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы қайтадан талқыға салынбайды және оны сақтап қалатын жалғыз жол – АҚШ санкцияларының күшін жою.

 

Иран Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Франция Президенті Эммануэль Макронмен сұхбатында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін Қауіпсіздік Кеңесінің №2231 қарарымен бекітілген   көпжақты халықаралық келісім деп атап: «Ядролық келісімді сақтау және жандандыру мүмкіндіктерін жоғалту жағдайды нашарлатуы мүмкін»,- деді. Рухани парламенттің мақұлдаған заңы аясында Иранның қосымша хаттаманың өз еркімен жүзеге асырылуының күшін жоюын қарастырды және Басқарушылар кеңесінде кез-келген конструктивті емес әрекет немесе ұстаным жаңа сын-қатерлерге соқтыруы мүмкін деп мәлімдеді. Иран АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан заңсыз шыққаннан кейін бір жыл ішінде ядролық келісім бойынша өз міндеттемелерін толығымен орындап, шығудың салдарын өтеуге уәде берген еуропалық елдерге өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік берді. Еуропалық үкіметтер уәделерін орындай алмағаннан кейін бір жыл өткен соң, Теһран келісімнің 26 және 36-баптары бойынша өз міндеттемелері мен құқықтары арасында тепе-теңдік орнату бойынша міндеттемелерін біртіндеп қысқартатынын мәлімдеді.

Иран келіссөздерде де, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын  жүзеге асыруда да икемділік көрсетті, бірақ екінші тарап ынтымақтастық жасамады. Оның орнына АҚШ тағы да Иранға қарсы санкциялар енгізді және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында Иранның мүдделеріне кепілдік беруге уәде берген үш мемлекет - Франция, Ұлыбритания және Германия  уәдесін орындай алмаыд немесе орындағысы келмеді. Қазіргі кезде Байден бұрынғы нұсқаны қайталау саясаты жүргізуде және ол сылтау іздеп, Иранға мейілінше қысым көрсетіп, қайта келіссөздер жүргізуге мәжбүрлегісі келеді.  

Квинси институтының (The Quincy Institute) аға маманы Джо Сиринсион: «Байден осы уақытқа дейін Трамптың Иранға мейілінше қысым көрсету сәтсіз саясатын жалғастырып отырғанын қуаттап: «Байден өзінің саясатын өзгертпегенше, маңызды ядролық келісімді жоғалту  қауіп қалады. Дональд Трамптың Иранға қатысты саясатының ең үлкен қауіптілігі - екі тараптың ешбір үкімет қаламаған соғысқа енуі. «Байденнің қазіргі кездегі ең үлкен қауіптілігі - екі тарап екі үкімет те қалаған келісімді бұзуы мүмкін»,- деді.