Иран мәжілісінің төрағасы Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі басшысымен кездесті
(last modified Sun, 17 Apr 2016 08:27:46 GMT )
Сәу 17, 2016 14:27 Asia/Almaty
  • Иран мәжілісінің төрағасы Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі басшысымен кездесті

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Еуропа одағының жоғары лауазымды саяси және экономикалық делегациясының Иранға сапарының екіжақты қарым-қатынастардың дамуына септігін тигізетіндігіне үміт білдірді.

ИРНА агенттігінің хабарлауынша, Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Али Лариджани сенбі күні Еуропа одағының сыртқы сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерико Могеринимен кездесуінде: «Ирандық кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілерді алаңдататын мәселелердің бірі әлі күнге дейін шешілмеген банк келісімдерін іске асыру әдісі болып табылады. Бұл мәселе тез арада шешілуі тиіс» деп мәлімдеді.

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы аймақтағы оқиғаларға байланысты: «Аймақтағы тұрақты қауіпсіздік мәселесі өте маңызды. Иран бұл мақсатқа жету үшін бар күшін салады» деді.

Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі басшысы өз кезегінде: «Жеті комиссионерден тұратын еуропалық делегацияның Иранға сапары Еурпопаның Иранмен ынтымақтастық жасауға құлшынысын көрсетеді» деді.

Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі басшысы аймақтағы мәселерге байланысты: «Еуропа одағы аталмыш мәселеге байланысты қатынасы соғыс болып жатқан елдерде ұлттық бірлік пен татулық орнатып, кез-келген бөлінушілік және жікшілдік идеясына қарсы тұруды қарастырады» деп мәлімдеді.