Ислам революциясы жетекшісінің Башар Асадтың денсаулығы жөніндегі жолдауы тапсырылды
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Ирандағы Сирияның жаңа елшісімен кездесу кезінде оған діни басшының Сирия Президентінің амандығын білуі және мықты денсаулық тілеуі туралы жолдауын тапсырды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Әлиакбар Велаяти дүйсенбі күні Шафиқ Диубпен кездесуінде: «Башар Асад күшті және батыл басшы ретінде барлық шабуылдарға, ұрыс-керістерге және қастандықтарға төзе отырып, 8 жыл ішінде халықаралық және аймақтық қылмыскерлердің Сирияға қарсы тең емес соғысы кезінде елдің тәуелсіздігін сақтауда өте құнды және маңызды рөл атқарды»,- деді.
Шафиқ Диуб Ислам революциясы жетекшісінің жолдауы мен қолдаударына алғысын білдіріп, Сирия Президентінің денсаулығының жақсарып келе жатқанын мәлімдеді.