Нау 17, 2021 16:08 Asia/Almaty
  • Иран Президенті: Санкцияларға қарамастан елдің 9 айлық экономикалық өсімі оң болды

Иран Президенті: «Санкцияларға қарамастан, елдің 9 айлық экономикалық өсімі оң болды және бұл халық, өндірушілер мен үкіметтің экономикалық тобы үшін абырой»,- деді.

 

Рухани үкімет отырысынан кейін журналистердің алдында хиджри күнтізбесінің 1397 жылынан еліне қарсы экономикалық соғысының басталуына және бұл соғыста Иранның жалғыз болғанына тоқталып: «Сегіз жылдық соғыс кезінде шапқыншыларға қарсы жалғыз қалып, Иран халқы табандылық білдіргендей, бұл үш жылдық экономикалық соғыс кезінде де біз жалғыз қалып, бүкіл күш-қуатымызбен табандылық білдірдік»,- деп мәлімдеді. Иран Президенті коронавирус пен санкциялар кезіндегі Иранның экономикалық дамуын қолайлы деп тауып: «Бұл экономикаық даму бұл салада көп жұмыс жасаған біздің халық, өндірушілер мен үкіметтің экономикалық тобының абыройы»,- деді.

 

Тегтер