Діни жетекшінің сайлаудың ішкі және сыртқы тұрғыдағы маңыздылығы туралы көзқарасы
Ислам революциясының жетекшісі алдағы президенттік сайлаудың маңыздылығына тоқталып, сайлаудың Иранға ішкі және сыртқы құдыретіне себеп болатынын қуаттады.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи 1400 жылдың бірінші күнінде теледидар арқылы сөйлеген сөзінде: «Ішкі тұрғыдан сайлау іс жүзінде елдегі модернизация. Адамдар сахнаға шығады және атқарушы органда модернизация жүреді, бұл өте маңызды. Сыртқы тұрғыдан сайлау, халықтың оған қатысуы ұлттық беделді көрсетеді. Қорғаныс әлеуеті - маңызды және бұған күмән жоқ, бірақ, ең алдымен, халықтың сайлау саласында қатысуы беделді»,- деді. Үш айға жетер-жетпес уақытта Иранда он үшінші президенттік сайлау өтеді. Президенттік сайлау парламенттік және исламдық кеңестердің сайлауынан екі есе маңызды, өйткені елдің атқарушы билігі, әсіресе экономикалық және сыртқы саясат салаларында үлкен басқару мен жауапкершілікке ие. Ирандағы президенттік сайлаудың маңыздылығын ескере отырып, дұшпандар әрқашан сайлауды және халықтың тиімді рөлін төмендетуге талпынды. 1400 жылдағы президенттік сайлауға халықтың жаппай қатысуы Иранның беделін арттыратыны сөзсіз. Ең бастысы, Ирандағы сайлау - халықтың өз тағдырын шешуге қатысуының көрінісі. Халықтың президенттік сайлауға жаппай қатысуы Ислам республикасы жүйесін қолдауын білдіреді және халықтық қолдау Иранды сыртқы саясат саласында тиімді күшке айналдырды. Халық үкіметті қаншалықты қолдаса, тәуелсіз Иранның жауларының қастандықтары соғұрлым сәтсіздікке ұшырайды. Ислам революциясы тарихының өткен 42 жылдағы тәжірибесі баршаға айқын, әрдайым халық маңызды саяси ареналарда, әсіресе сайлауларға ынта-жігермен қатысқан сайын Ислам Республикасының жүйесі қиындықтарды жеңіп, ұлттық мүдделер мен халықтың еркін қамтамасыз ете алды.