Натанз кешеніндегі оқиға: Халықаралық қауымдастық пен АҚХА ядролық терроризммен күресуі керек
(last modified Mon, 12 Apr 2021 19:05:49 GMT )
Сәу 13, 2021 01:05 Asia/Almaty
  • Натанз кешеніндегі оқиға: Халықаралық қауымдастық пен АҚХА ядролық терроризммен күресуі керек

Жексенбі күні таңертең Натанз уран байыту кешенінің электр желісінің бір бөлігінде авариялық жағдай болды.

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Әли Акбар Салехи шәһид Ахмад Роушан атындағы уран байыту кешенінде орын алған "Натанз оқиғасына" реакциясында осы қастық әрекетті айыптап: "Натанз уран байыту кешеніне қарсы жасалған ядролық терроризм Иранның ядролық өнеркәсібінің дамуына қарсылардың жеңіліс тапқанын көрсетеді»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Натанз оқиғасына тоқталып, осындай қысылтаяң шақта ядролық кешендер мен ғалымдарды тиісті түрде қорғау қажеттігін айтты.

Натанз ядролық кешені бұрындары да АҚШ пен Израильдің бірлескен кибер шабуылдарына ұшыраған болатын. Кибер шабуылдар тарихы 2006 жылы Джордж Буштың президенттік кезеңінде басталды. Обаманың билігі кезінде де бұл жағдай қайталанды. 2015 жылы Венада 5+1 тобымен келіссөз кезінде «Доко» бағдарламасын қолдану, Иранның ядролық нысандарына «Стакснет» пен «Алау» вирусын жіберу – осындай бүлдіргі әрекеттердің бір бөлігі.

Халықаралық құқық тұрғысынан және ядролық нысандардың қауіпсіздігіне қатысты міндетті ережелер мен АҚХА-ның қарарларына сәйкес тәуелсіз елдердің ядролық нысандарына бүлдіргі әрекеттер мен  кибер шабуылдар жасауға тыйым салынған.

Израильдің қылмыскер режимі өзінің лаңкес одақтастарының көмегімен аймақта дағдарыс тудыруды көздейді. Сол себепті басқыншы сионист басшылардың мемлекеттік терроризм аясында бүлдіргі әрекеттер ұйымдастыратыны таң қалдырмайды. Кибер шабуылдар басқа біреудің қолымен жасала алады. Тіпті тікелей жауапкершілікті мойындау қажет емес. Сол себепті сионистік режим шабуылдарға жауапкершіліктен басын ала қашу үшін жалдамалы адамдар арқылы нысандарға кибер шабуыл жасайды. Алайда Израильдің басқыншы әрекеттерінің айқын тұстары көп. Қалай болғанда да, халықаралық хаттамаларға сәйкес, АҚХА-ның бақылауындағы кез келген ядролық нысанға бүлдіргі әрекет БҰҰ мен АҚХА-ның жарғыларын бұзу және ядролық нысандардың қауіпсіздігіне қатысты міндетті ережелерге қайшы әрекет болып саналады.

Сол себепті Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Әли Акбар Салехи халықаралық қауымдастық пен АҚХА-ға ядролық терроризммен күресу қажеттігін айтып: «ИИР кибер шабуылдарды жасаушылар, тапсырыс берушілер мен кеңесшілерге қарсы іс-қимыл жасауға құқылы»,-деді.