Сәу 18, 2021 17:06 Asia/Almaty
  • Иран коронавирусқа қарсы вакцина өндіру үшін шет елдермен әріптестік жасайды

Коронавируспен күрес ғылыми комитетінің басшысы Иранның вакцина өндіру үшін шет елдермен әріптестік жасайтынын хабарлады.

Коронавируспен күрес ғылыми комитетінің басшысы Мұстафа Қанеи: "Иран Куба, Ресей және Жапониямен ортақ вакцина өндіретін болады",-деді.

Мұстафа Қанеи: "Бір ирандық компания Ресеймен әріптесе отырып, Sputnik V вакцинасының 4 млн дозасын өндіру туралы келісімшартқа қол қойды. Жапониямен ортақ вакцина жасау келісімшартқа қол қойылғаннан кейін басталады. Иранның "Пастур" институты мен Кубаның "Finlay Vaccine" институтының ортақ вакцинасы техникалық біліммен алмасу арқылы жасалады, бірақ бұл әріптестіктер лицензия аясында келісімшарт негізінде атқарылады",-деді.

Мұстафа Қанеи: "Иранның COViran Barekat, COV-Pars пен Fakhra вакциналары көптеп өндірілуге дайын",-деді.

Тегтер