Зариф: Ислам революциясы жетекшісінің кеңесі – біз үшін кесімді сөз
Иран Сыртқы істер министрі Инстаграмдағы парақшасында: "Ислам революциясы жетекшісінің кеңестері мен және менің әріптестерім үшін кесімді сөз және сараптамалық пікірталастарда соңғы нүкте саналады",-деп жазды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрінің Ислам революциясы жетекшісінің жексенбі күнгі баяндамасынан кейін жариялаған жазбасында: "Сыртқы саясатты орындаушы және сыртқы қарым-қатынасты саралаушы ретінде әрдайым осы кұдайшыл халық үшін сыртқы саясат ұлттық бірлік пен біртұтастық мәселесі болып, ең жоғары деңгейде басқарылуы тиіс деп санаймын. Сол себепті Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы мен шешімдерін ұстану – сыртқы саясат үшін бұлтартқысыз қажеттілік",-делінген.
Зариф: "Тек тәжірибеммен бөлісу мақсатында айтылған жеке пікірім жазылған аудиофайлдың қолды болып, жұртқа жарияланып, үзік-үзік қалыпта пайдаланылып, Иранға, халық пен революцияға жамандық тілеушілердің жауластық құралына айналып, Ислам революциясы жетекшісінің көңіліне сызат түсіргеніне қатты өкінемін",-деді.