Maм 09, 2021 16:40 Asia/Almaty
  • Иран үкіметінің коронавирусқа қарсы вакцина өндіріп, қамтамасыз етуге қатысты бағдарламасы

ИИР Президенті: «Иран үкіметінің коронавирусқа қарсы вакцина өндіріп, қамтамасыз етуге қатысты бағдарламасы бар»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хасан Рухани жексенбі күні Үкіметтің экономикалық үйлестіру штабының жиналысында: «Вакцина дайындау, өндіру және қамтамасыз ету – Иранның Бюджетті бағдарлау ұйымы, Орталық банкі және Денсаулық сақтау министрлігінің басты басымдығы»,-деді.

ИИР Президенті: «Денсаулық сақтау министрлігінің бағдарламасына сәйкес, тир айының аяғына дейін (шілде айы) елде 13 млн адам вакцинацияланады»,-деді.

Рухани: «Үкіметтің саяси бағыты – ел ішінде вакцина өндіруге жағдай жасау»,-деді.

ИИР Президенті осы салада атқарылған шараларға тоқталып: «Үкіметтің іс-шаралары экономикалық соғыс жағдайында дұшпанның ауыр санкциялары салдарынан мұнай сату көлемінің ең төменгі деңгейге жетіп, валюта алу мүмкіндігі азайған жағдайда жүзеге асырылды»,-деді.

Тегтер