Иранда президенттікке үміткерлердің бағдарламаларын таратуға қатысты жеребе тарту рәсімі өтті
https://itolqyn.com/news/iran-i52888-Иранда_президенттікке_үміткерлердің_бағдарламаларын_таратуға_қатысты_жеребе_тарту_рәсімі_өтті
Иран Телерадио бірлестігінің Халықаралық конференциялар орталығында 2021 жылғы президенттік сайлаудың он үшінші кезеңіне қатысатын үміткерлердің заңды үгіт-насихат бағдарламаларын таратуға қатысты жеребе тарту рәсімі өтті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 27, 2021 15:19 Asia/Almaty

Иран Телерадио бірлестігінің Халықаралық конференциялар орталығында 2021 жылғы президенттік сайлаудың он үшінші кезеңіне қатысатын үміткерлердің заңды үгіт-насихат бағдарламаларын таратуға қатысты жеребе тарту рәсімі өтті.

Iran Press ақпарат агентігінің хабарлауынша, президенттік сайлауға қатысатын 7 үміткер сәрсенбі күні кешке жеребе тарту рәсімінде өз бағдарламалары мен үгіт-насихаттарының әділетті түрде теле және радио арналарда таратылу кестесімен танысты.

Президенттікке үміткерлер, Иран ІІМ-нің сайлау штабының басшысы мен мүшелері, Иран Телерадио бірлестігінің басшысы жеребе тарту рәсіміне қатысты.

Иран Телерадио бірлестігінің басшысы Абулали Али Аскари осы рәсімде: «Иран Телерадио бірлестігі сайлауда бейтарап. Оның мүмкіндіктерін үміткерлер теңдей пайдаланады»,-деді.