Maм 27, 2021 19:38 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі халыққа: «Сайлау учаскелеріне барудың пайдасы жоқ деп айтатындардың сөзіне көңіл аудармаңыздар. Олардың халыққа жаны ашымайды. Жаны ашитын адам халықтың дауыс беруіне кедергі жасамайды»,-деді.

Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, хазірет аятолла Хаменеи бүгін, бейсенбі күні таңертең Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы және өкілдерімен бейнеконференция арқылы кездесуінде сайлауға қатысты соңғы мәселелер туралы сөйлеген сөзінде үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларында халықтың экономикалық және тұрмыстық қиындықтарын шешудің шынайы жолдарын баяндауды сайлауға қатысуға стимулды арттырудың басты факторы деп атап, сайлау бәсекелестігінің ережелерін түсіндіріп: «Сайлау нәтижесі жылдар бойы халықтың тұрмысы мен үкіметтің қызметіне әсер етеді. 28 хордад сайлауы дұшпандардың қалауына керісінше Иранның абырой-айбынын асырады деп үміттенеміз»,-деді.

Он бірінші Мәжіліс жұмысының екінші жылының басында өткізілген осы кездесуде аятолла Хаменеи Мәжіліс өкілдеріне «қырағы революциялық қозғалыс», «үздіксіз талпыныс» және «тиімді болу және халықтық болу» сияқты қасиеттердің жалғасуы туралы кеңестер беріп: «Имам Хомейни айтқандай Мәжіліс өкілдері ұлттың жарқын қасиеттерінің жиынтығы болуы керек»,-деді. Ислам революциясының жетекшісі Эксперттер кеңесі тарапынан президенттікке үміткерлердің біліктілігі анықталғанына тоқталып: «Жауапкершілікті сезініп, сайлауға түскен адамдардың барлығына алғыс айтқым келеді. Біліктілігі расталмаса да, халықты сайлауға шақырған адамдарға одан да көп алғыс айтамын»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі 28 хордад сайлауына халық аздау қатысу ықтималына алаңдаушылық туралы: «Халықтың сайлауға қатысу деңгейінің  пәленше-түгеншенің атына қатысты емес екеніне сенімдімін, керісінше халық елдің қиыншылықтарын шешу үшін жоғары ерік-жігер мен біліктілікке ие адамның болуын қалайды. Халыққа бұл адамның қай партия немесе фракциядан шығатыны маңызды емес. Әрине бұл тақырып саяси топтарға маңызды болуы мүмкін, бірақ жалпыға бұлай емес»,-деді.

Аятолла Хаменеи дұшпандардың Ислам революциясы жеңіске жеткен кезден, әсіресе конституция өзгеріп, атқарушы билік Президентке тапсырылғаннан бастап сайлауға қарсы болып келе жатқанына тоқталып: «Өткен 42 жылда дұшпандардың реакциясы мынадай болды: сайлауға дейін халық қатыспайды дейді, халық сайлауға қатысқаннан кейін сайлау нәтижесі қолдан жасалған деп айтады, содан соң президент ретінде сайланған адамның еш ықтияры жоқ деп байбалам салады»,-деді.  

Тегтер