Иранның Денсаулық сақтау министрі Теһран-Мәскеу әуе-рейстерді тоқтату қажеттілігін қуаттады
Маусым 20, 2021 17:56 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрі коронаирусқа қарсы ұлттық штабтың өкілі Әлиреза Раисиге хат жазып, Теһран-Мәскеу әуе-рейстерді тоқтату шешім қабылдау қажеттілігін қуаттады.
Iran Press агенттігінің хабарлауынша, Саид Намакидің Әлиреза Раисиге жазған хатында: «Ресейдегі COVID-19 індетінің таралуына қатысты Корона ұлттық штабының қауіпсіздік-әлеуметтік комитетінің отырысында Теһран-Мәскеу және кері әуе-рейстерді тоқтату туралы шұғыл шешім қабылдануы керек»,- деп айтылды.
Ресейде, әсіресе Мәскеуде, коронавирус жұқтырған науқастардың санының күрт өсуі бұл мәселеге тағы да маңызды етіп, ресейлік басшылардың алаңдаушылығын тудырды.
Тегтер