Иран Медициналық ғылымдар академиясының президенті: Ислам революциясы жетекшісі жақын күндері вакцина егеді
(last modified Thu, 24 Jun 2021 13:04:30 GMT )
Маусым 24, 2021 19:04 Asia/Almaty
  • Иран Медициналық ғылымдар академиясының президенті: Ислам революциясы жетекшісі жақын күндері вакцина егеді

Иран Медициналық ғылымдар академиясының президенті Ислам революциясы жетекшісінің жақын күндері ирандық вакцина егетінін хабарлады.

Иран Алиреза Маранди KHAMENEI.IR ақпараттық базасына берген сұхбатында Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің ирандық вакцинаны қолдануға лицензия бергенін жариялап: «Ислам революциясы жетекші  ирандық вакцинаны егуге ерекше назар аударуда»,- деп қуаттады. Маранди Ислам революциясының  жетекшісі Аятолла Хаменеи үшін коронавирус дағдарысының басынан бастап вакцина мүмкіндігінің болғанына тоқталып: «Оның вакцинация үшін екі маңызды шарты болды: біріншіден, оларды вакцинациялаудың кезектен тыс жасалмауы және екіншіден, олар тек ирандық вакцинаны қолдану. Аятолла Хаменеи 80 жастан асқан отандастарына вакцина егу басталған кезде, шетелдік вакцинаны алудан бас тартып, ирандық вакцинаны күтті»,- деді.