Иран Гроссидің сөздеріне жауап қайтарды
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) жұма күні: «АҚХА Бас директоры Рафаэль Гросси 17 маусымда Иранмен техникалық келісімнің ұзартылуына байланысты ирандық шенеуніктерге хат жазды, бірақ Иран бұл хатқа жауап бермеді және бұрынғы келісімді сақтау ниеті бар-жоғын нақтыламады»,- деп жариялады.
Бұл мәселені «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты келіссөздері әлі сенімді қорытынды жасай алмаған жағдайда көтеру - Агенттіктің мәселенің бет-әлпетін өзгерту мақсатындағы өзіндік болжамы. Теһранның осы халықаралық органмен жасалған техникалық келісімнің ұзартылуына жауап бермеуіне ешқандай себеп жоқ.
Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты өкілі Казем Ғарибабади Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директорының заңсыз ескертулеріне жауап ретінде қол жеткізілген келісім міндеттеме болып табылмайтынын мәлімдеді. Венадағы Иран елшісі жұма күні журналистерге: «АҚХА мен Иран арасында үш айлық бірлескен техникалық келісімге қол жеткізілгенімен, бұл келісімнің негізі саяси келіссөздерді жеңілдету және оның Теһран бағытында табысқа жетуіне ықпал ету және Иранды Агенттіктің өтінішін орындауға міндеттемеу болғанын атап өткен жөн»,- деді.
ИИР 2021 жылғы 23 ақпанда, Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісі мақұлдаған «Иранның санкцияларын жою және мүдделерін қорғау жөніндегі стратегиялық іс-қимыл» Заңының 6-бабын жүзеге асыру барысында келісімнен тыс бақылауларды және қосымша хаттаманы өз еркімен іске асыруды тоқтатты. Алайда, Ислам Кеңесі Мәжілісінің өтінішінен кейін Иран мен АҚХА тексеру жұмыстарды жеңілдету туралы үш айлық келісімге қол қойды, ол үш айлық мерзім аяқталғаннан кейін тағы бір айға ұзартылып, 24 маусымға дейін созылды. Бұл келісіммен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының қайта жаңғыруына деген үміт артты. Бірақ АҚШ басшыларының мәлімдемелері әлі де бұлыңғыр әрі сылтау іздейтіндей. Саяси мәселелер жөніндегі сарапшы Джалал Хошчехре: «АҚХА-нің Бас директоры өзінің құқықтық мәртебесі тұрғысынан екіжүзді стандарттардан бас тартып, Теһранның күмәндерін жою үшін жұмыс жасауы керек»,- деп жазды.