Шіл 06, 2021 13:43 Asia/Almaty
  • Асад пен Раиси екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды қуаттады

Сирия Президенті Башар Асад дүйсенбі кешке Иранның сайланған Президенті Сейед Ибрахим Раисімен телефон арқылы сөйлесіп, Теһран мен Дамаск арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту қажеттілігін қуаттады.

Сирияның ресми ақпарат агенттігінің (SANA) хабарлауынша, бұл телефон сұхбатында Асад Раисиді Иранның президенттік сайлауындағы жеңісімен құттықтай отырып, оған одан әрі ілгерілеу және барлық салаларда жетістіктерге жетуді жалғастыру жолында сәттілік тіледі. Сондай-ақ, екі жақ барлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту үдерісін жалғастыруға және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша консультациялар мен үйлестіруді жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

 

Тегтер