Шіл 10, 2021 15:02 Asia/Almaty
  • Еуразия көрмесі - Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы сауда қатынастарын дамытуға мүмкіндік

Иранның Сауданы Дамыту Ұйымының Бас директоры: «Еуразия көрмесі Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕЭО) еркін сауда келіссөздерін жеңілдетуге және сауда қатынастарының деңгейін көтеруге жақсы мүмкіндік тудырады»,- деді.

 

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хаид Задбум Иранда өтіп жатқан Еуразия мамандырылған көрмесінің ашылу рәсімінде ЕЭО-ның 185 миллин халқымен Иранның маңызды сауда серіктестерінің бірі болып табылатынына назар аудартып: «Еуразия елдерінің жылдық тауар айналымы шамамен 800 миллиард долларды құрайды.  Өткен 2020 жылы, преференциалды тариф саудасын жүзеге асыра отырып, Иран мен Еуразия арасындағы сауда көлемі 80 пайызға өсіп, 3 миллиард долларға жетті»,- деді.

13 шілдеге дейін жалғасатын көрмеге Иран компанияларымен бірге Еуразиялық одаққа мүше елдер компаниялары, соның ішінде Ресейдің 30 компаниясы, Қырғызстанның 30 компаниясы, Арменияның 10-нан астам компаниясы, Қазақстанның 10-нан астам компаниясы және Беларуссияның компаниялары қатысуда.

 

Тегтер