Шіл 10, 2021 15:26 Asia/Almaty

ИИР Президенті күн сайын 500000 адамға вакцина егуге мүмкіндік бар екенін қуаттады.

IRNA-ның хабарлауынша, Хасан Рухани бүгін, сенбі күні коронавируспен күресу ұлттық штабтың отырысында халықтың шамамен 17 ай бойы қауіпті вируспен бетпе-бет келуіне тоқталып: «1400 жылы біз Иранға басқа елдерден енген қауіпті вирустармен бетпе-бет келдік. Иранға елдің батысынан, Ирактан ұлыбританиялық штамм және соңғы күндер мен айларда шығыс шекаралардан үнді штаммы енді. Коронавирус Иранның оңтүстік және шығыс облыстары және елдің ішіне қарай таралды»,- деді. Руханидің айтуынша, жабдықтар мен мүмкіндіктер, ерекше күтім және осыған дейін жинақталған тәжірибенің арқасында елдегі жағдай бұрынғыдан жақсырақ.   

 

Тегтер