Шіл 29, 2021 16:19 Asia/Almaty
  • Эбадипур Токио олимпиадасындағы волейбол ойындарында ең жақсы сервис берушілер және қабылдап алушылар қатарына қосылды

Иранның ұлттық волейбол командасының екінші капитаны Токио олимпиадасында ең үздік ойыншылардың алдыңғы сапына, ең жақсы сервис берушілер және қабылдап алушылар қатарына қосылды.

Иранның ұлттық волейбол командасы Токио олимпиадасындағы үшінші ойынында Канада командасынан 3:0 есебімен жеңілді. Бұл ойында да Милад Эбадипур алдыңғы екі ойындағыдай жақсы ойын көрсетіп, сервис беруден 5 ұпай алды.

Волейбол жарысының үшінші күнінің соңында Эбадипур 68 сәтті қабылдау жасап, ең үздік қабылдаушылардың алдыңғы сапына шығып, 8 ұпаймен ең үздік сервис берушілердің алдыңғы қатарына қосылды.

 

Тегтер