Там 05, 2021 16:17 Asia/Almaty
  • Түрлі елдердің басшылары Иран президентінің инаугурация рәсіміне қатысуға келді

Әртүрлі елдердің басшылары Иран президентінің инаугурация рәсіміне қатысу үшін Теһранға келді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, Ресей Думасының төрағасы Вячеслав Володин бүгін, бейсенбі Иранның жаңа президенті сейіт Ибраһим Раисидің инаугурация рәсіміне қатысу үшін Теһранның имам Хомейни (р.) әуежайына келді.   

Ауғанстан президенті Мұхаммед Ашраф Ғани де Теһранға келді.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян да Раисидің инаугурация рәсіміне қатысу үшін Теһранға келді.

Ирак президенті Бурхан Салих те бүгін инаугурацияға қатысу үшін Теһранға келді.

Ливан Хизбулласы басшысының орынбасары шейх Наим Қасем, Сербия парламентінің төрағасы Ивица Дачич, Алжирдің премьер-министрі Айман бен Абдель Рахман да инаугурация рәсіміне қатысу үшін Теһранның Меһрабад әуежайына келді.

Иран президентінің инаугурация рәсімі бүгін Теһран уақыты бойынша сағат 17:00 елдің 73 еліннен келген 115 ресми тұлғаның қатысуымен Ислам Кеңесі Мәжілісінде өтеді.  

Тегтер