Там 05, 2021 22:17 Asia/Almaty

Ислам Кеңесі Мәжілісінде Иран президенті ант берді.

Иран президенті сейіт Ибраһим Раиси бүгін, бейсенбі инаугурация рәсімінде: «Президент ретінде Құран кітабы мен Иран халқы алдында Алла тағала атымен ант етемін: ресми дін мен ислам республикасының жүйесі және ел конституциясын қорғаймын. Өзімнің бар қарым-қабілетімді мойныма алған міндеттерді орындауға жұмсаймын, өзімді халыққа қызмет етіп, елді көркейтуге, дін мен ақлақты насихаттауға, ақиқатты жақтап, әділеттікті орнатуға арнаймын. Авторитарлықтан аулақ болып, ел конституциясында халық үшін жазылған құқықтар, азаттық пен жеке басты құрметтейтін боламын»,-деді.

Сейт Ибраһим Раисидің ант мәтінінде: «Ел шекарасы мен саяси-экономикалық және мәдени тәуелсіздігін қорғау жолында жан аяп қалмаймын. Алла тағалаға бас иіп, Ислам пайғамбары мен имамдардың тағылымдарынан тәлім ала отырып, халық маған «қасиетті аманат» ретінде берген билікті тақуалық және жанпидалықпен ұстап, оны өзімнен кейінгі халық қалаулысына тапсыруға ант етемін»,-делінген.

Тегтер